Назарбаев ішкі істер вице-министрін ауыстырды

Күні: 19:13, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер вице-министрін ауыстырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.


Жаңалықтармен бөлісу: