Назарбаев Көшербаевтың Қызылорда облысының әкімі қызметіндегі өкілеттігін ұзартты

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ –ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың Қызылорда облысы әкімі қызметіндегі өкілеттігін ұзартты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», - деп хабарлады жұма күні Ақордадан.  
Қ. Көшербаев Қызылорда облысы әкімінің қызметін 2013 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді. 2015 жылдың мамыр айында ол бұл қызметке қайта тағайындалды

adimage