Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлады Акорда.
«Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарда.
Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34