Назарбаев әкімдерге жаңа экономикалық бағдарламаларды іске асырғанда өңір мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды тапсырды

Күні: 17:12, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Н. Назарбаев облыс әкімдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР презитденті баспасөз қызметінен.
«Кездесуде Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажеттігін айтты», - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс әкімдерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды.
Сондай-ақ әкімдер Президентке өздері басқарып отырған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Еске салсақ, сейсенбі күні мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жария етті. Онда ол «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық бағдарламаны жариялады. Оның айтуынша, бағдарлама контрциклдық сипатта болып, ел экономикасындағы құрылымдық реформаларды қолдауға бағытталады.  


Жаңалықтармен бөлісу: