Назарбаев үкімет пен әкімдерге АЭА-ларды нақты жобалармен «толтыруды» тапсырды

Күні: 15:11, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. ҚР президенті Н. Назарабев үкімет пен әкімдерге арнайы экономкалық аймақтарды (ЕЭА) нақты жобалармен толтыру шараларын қабылдауды тапсырды.
«Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру - құрылыс материалдарына, энергетикалық, тұрғын үй – коммуналдық саладағы көлік коммуникацияларының өнімдеріне деген сұранысты тудырады. Осыған байланысты қазіргі бар арнайы экономикалық аумақтардағы инфрақұрылымдарды қалыптастыру бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Үкімет пен әкімдер оларды нақты жобалармен толтыру бойынша жедел шаралар қабылдаулары керек», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
«Әсет Өрентайұлы, біз осы арнайы аумақтарға қатысты инвестицияларды тежеп отырған барлық мәселелерді шешіп отырмыз, барлығын толығымен шешудеміз, енді инвесторлар біз инфрақұрылымды толығымен жасаймыз деп есептеуі мүмкін», - деді елбасы ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовқа қаратып.
Одан басқа, Н. Назарбаевтың айтуынша, өңірлерде өндіріске, шағын және орта бизнеске, қосымша инвестиция тартуға бағытталған жаңа индустриалдық аумақтар құрылысын салу мәселесін пысықтау керек.
«Жеке бағыт – инфрақұрылым мен туризм. Оның басты артықшылығы көптеген жаңа жұмыс орнын ашу мүмкіндігі», - деді ол.
«Дәл осы туризм ең көп жаңа жұмыс орнын аша алады. Мұнда 1 жұмыс орнын ашу өнеркәсіпте ашудан 10 есеге арзан түседі», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: