Назарбаев үкіметке апаттық мектептер проблемасын шешу үшін қосымша Т70 млрд бағыттауды тапсырды

Күні: 13:50, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев апаттық мектептер мен үш ауысымдық оқу проблемасын шешу үшін қосымша Т70 млрд бағыттауды тапсырды.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ол – бәрінен бұрын, апаттық мектептер мен үш ауысымдық оқу проблемасын шешу. Осыны бітіретін сәт келді. Бұл біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаражат бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сол себепті үкіметке бұл проблеманы шешу үшін қосымша Т70 млрд бағыттауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің халыққа жолдауында.


Жаңалықтармен бөлісу: