Назарбаев әлемдегі жағдай күрделігі себепті жылдағы Халыққа жолдауын биыл ерте жариялады

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Әлемдегі жағдай күрделігі жылдағы Халыққа жолдауымды биыл ерте жариялауға мәжбүр етуде, деп мәлім етті ҚР президенті Н. Назарбаев.
«Қазір әлемдегі жағдай күрделі. Оның үстіне Батыстың Ресейге жариялаған санкциялары да бар. (...) біз шаралар қабылдап, халықтың сенімін ақтау үшін, қиын-қыстау жағдайында халықты аман-есен алып шығу шараларын ойлау керек. Алдымыздағы 2-3 жыл бүкіл дүниеге де, елімізге де оңай болмайды, сондықтан біз не істеуіміз керек, қандай шаралар қабылдауымыз керек? (...) Сондықтан мен Халыққа жолдауды ерте жариялап отырған себебім, Жаңа жылға дейін (2015 жылғы – ҚазТАГ) қалған 50 күн ішінде үкімет осы Жолдауда не істеу керек екенін дайындап, өздерінің іс-шараларын қабылдап, Жаңа жылдан бастап іске кірісуі керектігі (үшін – ҚазТАГ)», - деді президент сейсенбі күні Қазақстан халқына жолдауының кіріспесінде.  
«(Үкіметке дайындыққа) уақыт беру үшін Жолдауды келесі жылы емес, жыл соңында жариялап отырмын», - деді елбасы.  

adimage