Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы әлеуметтік тұрақтылық пен барлық азаматтардың теңдігі еліміздің мызғымас ұстанымдары болып қала беретініне тоқталып өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Кейбір қайраткерлер бәрінің атын ауыстыруға, көшелер мен мекемелердің атауын бір тілде жазуға бейім. Мұны тоқтатқан жөн. Тағы да қайталағым келеді: патриоттығыңды оның қажет емес кездерінде көрсетуге ұмтылудың керегі жоқ. Конституцияда тілдер мен этностарға қатысты барлық нормалар нақты көрсетілген. Бұл – біздің артықшылығымыз, біздің көпұлтты тұрақты мемлекет ретіндегі брендіміз», – деп келтіреді баспасөз қызметі сәрсенбіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана активімен кездесу қорытындысы бойынша жасаған мәдімдемесін.
Қазақстан Президенті ешкім ешқандай жағдайда кемсітушілік сезінбеуі тиіс екендігін айтты.
«Егер бір адам жәбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты» деп жауап беріпті. Орнықты адамдардың арасында өмір сүретін адамның да көңілі орнықты болады. Егер айналамыздағылардың бәрі бақытты болса, біз де бақытты боламыз. Егер бір немесе бір топ адамдар бақытсыз болса, онда осы бақытсыздық басқаларға да тарайды. Баршаның есінде болуын қалаймын: тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау – біздің дамуымыздың негізгі қағидаты», - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Қвзақстан халқы тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
«Қазақстанды барлық өзге мемлекеттер құрметтейтін болды, бұл әсіресе менің Брюссель мен Миланға сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қою дерегі бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді», - деді Н.Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Миланда өткен «Азия-Еуропа» Форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті.
«Мен көптеген елдердің көшбасшыларымен кездестім. Олар Қазақстанды экономиканы дамытуымен, әлеуметтік жағдайдың орнықтылығымен, халықтың көңіл-күйімен, тыныштық және тұрақтылығымен үлгі көрсететін мемлекет ретінде қабылдайды», - деді президент.
Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер әлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сын-қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды.
«Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей және Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да ықпал етуде. Ресей – біздің стратегиялық серіктесіміз, тығыз байланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді», - деді Н.Назарбаев.
Қазақстан Президенті аталған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндіктің бәрі бар екенін және Үкімет тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
«Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді, өйткені мұнай мен металдың, сондай-ақ Қазақстан экспортының өзге де өнімдеріне бағаның төмендеуі түсімдердің азаюына әкеледі. Бұл ретте барлық еңбекақылар, әлеуметтік төлемдер қазіргі деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс», - деп қадап айтты мемлекет басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56