Назарбаев Марокко королін Астанада 2015 жылы өтетін әлемдік дін көшбасшыларының съезіне шақырды

Күні: 13:44, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті Марокко королі Мохаммад VI-ны Астанада 2015 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне шақырды, деп хабарлады ҚР сенат баспасөз қызметінен.
Хабарда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 10-13 қарашада ресми сапармен Мароккоға барады.
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев Марокко Королі Мохаммад VI-ға Президент Н.Назарбаевтың 2015 жылы 10 -11 маусымда Астанада болатын V Съезге шақыруын жеткізеді.
Сапар аясында Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының Төрағасы Мухаммад Аш-Шейх Биядилламен, Парламенттің Депутаттар палатасының Төрағасы Рашид Аль-Алямимен, премьер-министр Абдельиллах Бенкиранмен келіссөздер болады.
Қ.Тоқаевтың Үлкен Касабланка облысының губернаторы Халид Сафирмен кездесуі жоспарланған.


Жаңалықтармен бөлісу: