Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалады», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Хабарда атап өтілгендей, Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан президенті лауазымындағы өкілеттігінің аяқталғаны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті сайлауға дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады.
Назарбаев Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
