Назарбаев мемлекет басшысы қызметіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады

Күні: 19:15, 19-03-2019.

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Мен өз өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым», - деді Назарбаев өзінің Қазақстан халқына мәлімдемесінде.
Назарбаев 1990 жылдың 24 сәуірінен бері Қазақстан президенті қызметін атқарып келеді.


Жаңалықтармен бөлісу: