Назарбаев мемлекеттің тиімділік критерийлерін атады

Күні: 16:33, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстандықтардың кірісі мен өмір сүру сапасы мемлекет тиімділігінің критерийлері болуы керек, деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Екі көрсеткіш: кіріс пен өмір сүру сапасын мен мемлекет тиімділігінің басты критерийлері деп жариялаймын. Бүкіл экономика, және біздің жасап отырғанымыздың барлығы – бұл, түптің түбінде адамдар үшін. Әр министр мен әкімнің жұмысын мен осы көрсеткіштердің жүзеге асырылуы бойынша бағалайтын боламын», - деді Назарбаев сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол еске салғандай, былтыр мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүйелі қайта қарау басталған.

«Бұл бес әлеуметтік бастама; жолдау және мен енгізген жастарға арналған әлеуметтік пакет, … барлық қазақстандықтардың өсуі мен әл-ауқатының артуына қомақты қаржы жұмсалады. Бүгінгі таңда барлық ел әлеуметтік шығындардың осыншалықты өсуіне және біз жасап отырған жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік жасай алмайды. Сондықтан бұл мемлекеттік қаржы тиімді қолданылуы керек, оған бақылау керек», - деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: