Назарбаев «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты жайлы жария етті

Күні: 13:19, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты жайлы жария етті.
«Бүгін алдымызда тұрған қауіп-қатерлерге жауап бере отырып, мен «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халқыма жолдауымды дәл осыған арнаймын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, жаңа экономикалық саясат контрциклды сипатқа ие болады және ел экономикасының құрылымдық реформаларын қолдауға бағытталмақ.


Жаңалықтармен бөлісу: