Назарбаев «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты жайлы жария етті (толығырақ)

Күні: 16:53, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты жайлы жария етті.
«Менің тапсырмам бойынша, үкімет жаңа ауқымды даму бағдарламасын жасап шығаруды аяқтады. Бүгін алдымызда тұрған қауіп-қатерлерге жауап бере отырып, мен «Нұрлы жол» атты Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халқыма жолдауымды дәл осыған арнаймын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, жаңа экономикалық саясат контрциклды сипатқа ие болады және ел экономикасының құрылымдық реформаларын қолдауға бағытталмақ.
«Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай қолайлы болып, мұнай мен барлық экспорттық өнімдеріміздің бағасы жақсы деңгейде болған жылдары біз кенімізден түскен ақшаны Ұлттық қорға жібере отырып қаражатты үнемдей білдік», - деп түсіндірді мемлекет басшысы.
«Мен сол кезде халыққа бәрін тең бөліп берейік, ел басына күн туғанда, олар бізге қажет болады деген едім. Сол жасап жатырмыз да», - деп толықтырды Н. Назарбаев.
Сондықтан, оның айтуынша, (Ұлттық – ҚазТАГ) «қордың негізгі міндеттерінің бірі табиғи ресурстар бағасының төмендеуі секілді сыртқы талықсытпалардың алдында экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады».
«Осы жылдар бойына шикізатты өндіру мен оны сатудан түскен пайданы біз осы қорға салып келдік. 10 млрд долларды біз 2007-2009 жылдары дағдарыспен күреске жұмсадық, қалған ақшаны біз ішіп-жеп тастамадық, құртпадық – сақтап көбейте білдік. Қазір төніп тұрған дағдарыстан қорғана отырып сол резервтерді халық игілігіне пайдалануға тиіс кезең туып отыр. Олар іс түскен мезгілді артқа тастап, біздің экономиканың өсімін ынталандыруға көмектеседі», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Бұл ресурстар қысқамерзімді шараларға арналмаған, олар біздің экономиканың ілгергі өзгерістеріне бағытталған. Нақтырақ айтқанда: көліктік, энергетикалық, индустриялық, әлеуметтік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестің дамуына», - деп түсіндіре өтті Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: