Назарбаев ОҚО өнеркәсібін қолда бар табиғи ресурстарды пайдаланып дамытуды тапсырды

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өнеркәсібін осы өңірде бар табиғи ресурстарды пайдалана отырып дамытуды тапсырды, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда атылғандай, өңір активімен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың жаңа әкімін таныстырды.  
«Қазақстан Президенті облыстың әлеуетін жүзеге асыру керектігін атай отырып,  бірқатар негізгі міндеттер қойды. Олардың қатарында табиғи ресурстарды пайдалануды қоса алғанда, өнерекәсіпті дамыту, уран кластерін қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі үшін жағдайды одан әрі жақсарту, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру және пайдаланылмайтын жер алқаптарын азайту мәселелері бар», - делінген Ақорданың сенбі күнгі жариялаған хабарында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік өзекті, соның ішінде үш ауысымдық мектептерді жою, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту  аясын  ұлғайту мәселелерін шешу ісін жалғастыруды тапсырды, бірақ бұл ретте шығыстардың орнымен жұмсалу қағидатын ұстану кажеттігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, республикада дағдарыстық құбылыстарды еңсеру үшін жүйелі шаралар қабылдануда. «Елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру экономиканың орнықтылығын күшейтуге, шикізаттың әлемдік бағасына тәуелділікті азайтуға, шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға бағытталғанын айтты. «Нұрлы жол» бағдарламасы да дағдарысқа қарсы саясаттың ілкімді құралы болып саналады», - делінген хабарда.

adimage