Назарбаев онкологиялық аурударды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті

Күні: 19:38, 29-08-2018.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
Хабарда айтылғандай, елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көріп, әр пациенттің жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін «TomoTherapyHI-HD» құрылғысының жұмысымен танысты.
«Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменің қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаңа кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімделді.
Томотерапия және ядролық медицина орталығының арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оңтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.


Жаңалықтармен бөлісу: