Назарбаев отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті

Күні: 13:35, 07-09-2018.

Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына барған сапарында «Ақ сарай» салтанат сарайына барды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі», - делінген жұмадағы Ақорда хабарында.
«Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Жас шаңырақ иелері Қазақстан Президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы үшін алғыс білдірді.
Хабарда атап өтілгендей, жаңа салтанат сарайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.


Жаңалықтармен бөлісу: