Назарбаев пен Кэмерон Миланда аймақтық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін талқылады

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.

«Екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер мен өңірлік қауіпсіздіктің негізгі жайттары жөнінде пікір алмасты»,- делінген жұмадағы Ақорда сайтындағы хабарда.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар сауда-экономика және инвестиция саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Оған қоса Н.Назарбаев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын түрлі бағыттағы қарым-қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ әртүрлі халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл болашағын қарастырды.

Сонымен қатар, өңірлік қауіпсіздіктің ахуалы талқыланды.

adimage