Назарбаев пен Лукашенко ЕАЭК ары қарай дамыту бойынша пікір

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.

adimage