Назарбаев пен Мирзиеев 2019 жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс кездесуін өткізу туралы уағдаласты

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан пен Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев 2019 жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс кездесуін өткізу туралы уағдаласты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады», - делінген дүйсенбідегі Ақорда хабарында.  
Хабарда  атап өтілгендей, тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті.
«Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды», - делінген хабарда.  

adimage