Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев телефон арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болған.
Назарбаев пен Мирзиеев қазақ-өзбек қарым-қатынсының дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті
