Назарбаев пен Путин Петропавлдағы көрмені аралады

Күні: 16:30, 09-11-2018.

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлан Назарбаев пен Владимир Путин Петропавлдағы көрмені аралады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан мен Ресей Президенттері екі мемлекеттің туризм саласын дамытудың жаңа жоспарлары мен перспективаларына арналған көрмеге барды», - делінген жұмада Ақорда хабарында.
Хабарда айтылғандай, көрмеге қазақстандық және ресейлік компаниялардың екі ел тұрғындарына арналған ауқымды туристік өнімдері қойылған.


Жаңалықтармен бөлісу: