Назарбаев пен Путин Петропавлдағы Оқушылар сарайын аралады

Күні: 19:10, 09-11-2018.

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан мен Ресей басшылары Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдағы Оқушылар сарайын аралады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Шекара маңы ынтымақтастығы форумы аяқталған соң Қазақстан және Ресей Президенттері оқу үдерісінде инновациялық және озық технологиялар қолданылатын оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап көрді»,- деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, екі ел басшылары оқушылармен әңгімелесіп, олардың жұмыстарымен танысты.


Жаңалықтармен бөлісу: