Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«(Н. Назарбаев – ҚазТАГ) Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы арқылы сөйлесті. (…) Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Назарбаев пен Путин Санкт-Петербургтегі ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады
