Назарбаев пен Жээнбеков екі жақты ынтымақтастық ахуалы мен басымдықтарын талқылады

Күні: 17:53, 28-12-2018.

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық ахуалы мен басымдықтарын талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады. Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады», - делінген жұма күнгі Ақорда хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болған.


Жаңалықтармен бөлісу: