Астана. 11 қараша. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы проблемалық несиелер қорын Т250 млрд мөлшерінде қосымша капиталдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
«Басталған жобаларды аяқтау, ең өзекті мәселелерді шешу үшін үкіметке ұлттық қордан әлгі триллионнан 500 миллиард теңге мөлшеріндегі екінші траншты келесі жылы бағыттауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
«Бірінші, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру үшін және ірі кәсіпкерлікке қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ, химия өнеркәсі, машинажасау, сондай-ақ қызмет саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді», - деді мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев мәлім еткендей, банк секторын сауықтыру, нашар несиелерді сатып алу үшін проблемалық кредиттер қорын 2015 жылы қосымша Т250 млрд мөлшерінде капиталдандыру тапсырылды.
«Жаңа инвестицияларды тарту үшін тиісті шарттарды жақсарту керек. Осы мақсатта 2015 жылы 81 млрд теңгені құрғақ порттың бірінші кешен құрылысын, «Қорғас шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аумақтың инфрақұрылымының, Атырау және Тараз қалаларында ұлттық индустриалдық мұнайхимиялық технопарктердің құрылысын аяқтауға бағыттау тапсырылды», - деді ол.
Одан басқа, «EXPO – 2017» кешен құрылысын жалғастыруға несиелендіру үшін бұрын бөлінген Т25 млрд-қа 2015 жылы қосымша тағы Т40 млрд бағыттау тапсырылды.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жерасты метросын салуды ұсынды29 Қыркүйек 2023, 17:47
-
"C5 + Германия" диалогы елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді- Тоқаев29 Қыркүйек 2023, 17:26
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтілуде29 Қыркүйек 2023, 17:11
-
Тоқаев Берлинде Германия президентімен кездесті29 Қыркүйек 2023, 15:41
-
Қазақста билігі алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге дайындалуда29 Қыркүйек 2023, 15:40