Назарбаев ҚР мәдениетін құру үшін шығармашыл кадрларды сапалы даярлауды жалғастыруға бұйрық берді

Күні: 18:55, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкіровамен кездесті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Н. Назарбаев консерваторияның биыл айтулы датаны – 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанын, осы уақыт ішінде оның елдегі жетекші музыкалық оқу орны ретіндегі маңызын сақтап қалғандығын атап өтті. Қазақстан Президенті түрлі мәдениет мекемелері шығармашыл кадрларды сапалы дайындауды жалғастыруы қажеттігіне назар аударды», - делінген Ақорда сайтындағы сәрсенбілік хабарда.
Атап көрсетілгендей, консерватория ректоры Ж. Әубәкірова елбасыға консерваторияның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Ол Н. Назарбаевқа музыкалық білім беру мен жалпы мәдениетті дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөлетіндігі үшін алғысын айтты.
«Ж. Әубәкірова сондай-ақ консерватория жүзеге асырып жатқан жобалар туралы әңгімелеп, оқу орны шәкірттерінің түрлі халықаралық алаңдардағы жетістіктерін және оларға деген сұраныстың бар екенін атап өтті», - деп көрсетілген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: