Назарбаев ҚР президентінің тапсырмаларының сапалы орындалуының маңызы жоғары екенін атап өтті

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының сапалы орындалуының маңызы жоғары екенін атап өтті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.
«Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті. (…)Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Назарбаевтың айтуынша «президенттің барлық бастамасын жергілікті халыққа жеткізудің маңызы зор».
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтып өтті.
«Медицина қызметкерлерінің келісілген жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз жұмысының тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Елбасы.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.
«Әлемдегі экономикалық ахуал күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің елдің көрсеткіштері жаман емес. Алайда карантиннің әсері әлі күнге дейін елдің экономикалық көрсеткіштеріне толық әсер етпегенін ескерген абзал. Шағын және орта бизнесті қолдау және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болып қала береді. Енді дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыруымыз керек. Экономика құлдырайды. Оның салдары 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңге қарағанда анағұрлым ауыр болатын секілді», - деді ҚР тұңғыш президенті.
Назарбаев Ұлттық қор мен Үкіметтің резервінен отандық экономиканы қолдау үшін 10 миллиард доллардың уақтылы бөлінгенін жеткізді.
Өз кезегінде Мамин Назарбаевқа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың өзектілігіне тоқталды.
«Біздің елде бұдан да қиын күндер өткен. Біз бұл қиындықтарды да жеңеміз. Ең бастысы - халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Үкімет тиімді жұмыс істейді деп санаймын. Ертең мен Қазақстан халқына арналған мақаламды жариялаймын. Қазір бүкіл әлемге оңай тиіп тұрған жоқ. Аурудың шырқау шегінен әлі өтпедік. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтей отырып, сабыр пен шыдамдылық танытуымыз керек», - деді Назарбаева.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 685 жағдайы тіркеліп, 47-сі жазылып, алты адам көз жұмды.

adimage