Назарбаев Сапарбаевты еңбек және әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады

Күні: 18:45, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалсын», - делінген дүйсенбідегі президент жарлығында.
Сапарбаев Ақтөбе облысын 2015 жылдың қыркүйегінен бастап басқарып келді, оған дейін 2014 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың қыркүйегіне дейін ол вице-премьер болған, ал оған дейін 2009 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: