Назарбаев сенбі күні Астанада «Евгений Онегин» операсының премьерасына барды

Күні: 11:31, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – 9 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» операсының премьерасына барды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті «Астана опера» театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Д.Ливермор қойған П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының премьерасын көрді. Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская және басқалары орындады», - деп хабарлады сенбіде Ақорда баспасөз қызметі.
Хабарда атап өтілгендей, қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен әңгімелесті.


Жаңалықтармен бөлісу: