Назарбаев Сербия президентіне достық орденін тақты

Күні: 13:46, 09-10-2018.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президентіне достық орденін тақты.  
«Қазіргі уақытта әлем күрделі ахуалға тап болып отыр. Осыған қарамастан (…) Сербия барлық халықаралық мәселелерде бізді қолдайды. Біз де Сербияны қолдаймыз. Осынау достық қарым-қатынастарды ескере келе Сізді шетелдік достарымызға арналған ең жоғары награда - бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттауға рұқсат етіңіз», - деді Н.Назарбаев сейсенбі күні Сербия республикасының президенті Александр Вучичпен кездесуде.  
Ол Қазақстанның Сербиямен достығының қымбат екенін атап өтті.  
«Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы өкінішке орай төмен болып отыр. Десек те екі елдің логистика, көлік пен коммуникация, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы фармацевтика және құрылыс салаларында байланыстарды жандандыруға зор мүмкіншілік бар», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы еске салғандай, Астанада екі ел бизнесмендерінің форумы өтеді.  
«Бұл өте маңызды. Біздің қарым-қатынасымызды жоғарылататын басты жоба керек. Өз тарапынан қазақстандықтар да сіздің елдегі инвестициялық жобаларға қатысуға дайын. Сіздің сапарыңыз бен келіссөздер біздің ынтымақтастығымызға үлкен табыс әкеледі деп ойлаймыз», - деп атап өтті ҚР президенті.
Өз кезегінде А.Вучич Н.Назарбаевқа Сербия Республикасының орденін табыстады.  
«Бұл Сербия Республикасының ордені. Мен біздің саяси қарым-қатынасымызды және әрине экономикалық  ынтымақтастығымызды нығайту мүмкіндігі туады деп үміттенемін.  Сіз өзіңіз айта кеткендей, бізде біздің қарым-қатынасымызды дамытудың болашағы зор. Мен Сербияны Қазақстанның халықаралық деңгейде  үнемі қолдайтынына сенімдімін», - деді  А.Вучич.


Жаңалықтармен бөлісу: