Назарбаев ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына Станислав Засьқа кандидат ретінде қолдау білдірді

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы лауазымына Станислав Засьті кандидат ретінде қолдайтынын атап өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы лауазымына Станислав Засьті кандидат ретінде қолдайтынын атап өтті», - делінген бейсенбіде Ақорда хабарында.
«Мемлекеттер басшылары Санкт-Петербургте Александр Григорьевич Лукашенконың ұсынысы бойынша Сіздің кандидатураңызды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Сіз осы ұйымға мүше елдердің басшыларымен кездесуді бастап кеттіңіз. Бұған дейін Бішкекте болдыңыз. Қазір Қырғыз Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етуде. Сіздердің кездесулеріңіздің жақсы өткеніне сенімдімін», - деді Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев С.Засьтің осы лауазымда қызмет етуі үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар екеніне тоқталды.
«Сіз – әскери адамсыз және тиісті біліміңіз бар. Беларусь Республикасының Бас штабында, Қауіпсіздік кеңесінде қызмет атқардыңыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жұмысымен таныссыз, түрлі кездесулер мен жиындарға қатыстыңыз. Біз Сізді қолдайтын боламыз», - деді Н. Назарбаев.
Сондай-ақ, әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

adimage