Назарбаев ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды

Күні: 13:07, 06-03-2019.

Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, 21 ақпанда Қазақстан парламентінің сенаты «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағанын хабарлаған еді.
Келісім нормаларына сәйкес, тараптар ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесін ары қарай дамытуды, ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты нығайтуды және осы саладағы сенімді нығайту шараларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Келісімге ҰҚШҰ мемлекеттер басшылары 2017 жылы Минскіде қол қойды.


Жаңалықтармен бөлісу: