Назарбаев шекарада тұрып қалған 500 цистерна ЖЖМ-ны Қырғызстанға өткізуді бұйырды

Күні: 17:58, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін қазақстандық-қырғыз шекарасында Ресейден бет алып тұрыңқырап қалған жанар-жағармай (ЖЖМ) толы 500 цистернаны Қырғызстанға өткізуді бұйырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«ЖЖМ толы 500 вагон болған бізде мында (қырғыз-қазақстандық шекарада – ҚазТАГ), қате ресімделгені себепті, бірнеше айлар бойы тұрған. негізі, оларды әлі де ұстауға болар еді, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы (Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев – ҚазТАГ) менің көзімше бұл вагондардың (Қырғызстанға – ҚазТАГ) кіргізілуі жөнінде пәрмен берді», - деді Алмазбек Атамбаев жұма күні жоғары мемлекетаралық кеңестің IV отырыс қорытындысы бойынша.
Бұған дейін хабарланғандай, қырғыз-қазақстандық шекарада 2014 жылдың сәуірінен бері Ресейдің мұнай өңдеуші зауыттарынан Қырғызстанға қарай бет алған мұнай өнімдері бар цистерналар тұрып қалған.
ЖЖМ толы цистерналарды ұстап тұруға Қазақстан үкіметінің 2013 жылдың 26 желтоқсанындағы ЖЖМ тасуға 6 айлық мерзімге шектеу енгізу туралы қаулысы негіздеме болды, ол 2014 жылдың 1 қаңтарында әрекетке еніп, тағы 6 айға ұзартылған.


Жаңалықтармен бөлісу: