Назарбаев Си Цзиньпинді 2019 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзинпиньді 2019 жылы Қазақстанға ресми сапармен шақырды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.  
«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен ресми кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебізін және Мемлекет басшысының 2019  жылы ресми сапармен Қазақстанға шақыруын жеткізді. Қазіргі таңда ҚХР — ҚР-ның ірі сыртқы сауда серіктесі, елдердің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығының көптеген салаларында келешегі зор», - делінген премьер министрдің сайтында.
Өз кезегінде Қытай Төрағасы ҚР Президентіне сәлемін жолдап, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті, әрі Президент Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізгенін, Қытай Қазақстан халқының өзінің егемен жолымен жүруге деген талпынысын қолдайтынын жеткізді. Си Цзиньпин «Белдеу және жол» бастамасының бесжылдығына да назар аударды. ҚХР Төрағасы бағдарламаның идеясы 2013 жылғы 7 қыркүйекте Астанадағы Назарбаев университеті алаңында айтылғанын еске салып, оны Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп ұсынылған бастама деп санайтынын жеткізді.
.


adimage