Назарбаев СІМ басшысының жаңа орынбасарын тағайындады

Күні: 19:15, 16-01-2019.

Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сыртқы істер вице-министрін тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Е. Көшербаев 2018 жылдың мамырынан бері СІМ жауапты хатшысы қызметін атқарды, ал оған дейін 2016-2018 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды. Одан бұрын 2014-2016 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының вице-министрі болды.


Жаңалықтармен бөлісу: