Назарбаев Сирияда Ил-20 экипажының қазаға ұшырауына байланысты Путинге көңіл айтты

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Сирияда Ил-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын талқылады.


adimage