Назарбаев Түркияға барып, стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысады

Күні: 15:36, 12-09-2018.

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барып, статегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында. .
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: