Назарбаев Түркияда химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысы «Йылдырым групп» компаниясы басқармасының төрағасы Роберт Юксел Йылдырыммен кездесті. Келіссөз барысында Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады», - деп хабарлады бейсенібде Ақорда баспасөз қызметінен.  
Мемлекет басшысы бүгінде Ақтөбе облысында түрік компаниясы жұмыс істеп жатқанын айтып, инвесторлардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарларын қолдайтынын білдірді.  

adimage