Назарбаев Түркияның экс-президенті Демирелді 90 жасымен құттықтады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның экс-президенті Сүлеймен Демирелді 90 жасымен құттықтады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.
«Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейт Түймебаев Түрік Республикасының 9-президенті Сүлеймен Демирелмен оның 90 жылдық мерейтойында кездесіп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оның атына жолданған шынайы құттықтаулары білдірілген хатын табыс етті», - делінген сейсенбі таралған СІМ хабарында.
Өз хатында ҚР президенті 90 жылдық мерейтойға байланысты С. Демирелге шынайы құттықтауларын білдірді. Мемлекет басшысы оның қазақ-түрік ынтымақтастығына еліміздің тәуелсіздігі жылдарындағы үлесін жоғары бағалады.
«Кездесу барысында С. Демирел Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен жүздесулерін жылы ықыласпен еске алып, оны өзінің досы және бауыры ретінде санайтыны туралы мәлімдеді. Ол ҚР президенті Н. Назарбаевқа және жалпы Қазақстан халқына шынайы және жылы құттықтаулар үшін зор резашылығын білдірді», - деп хабарлайды СІМ.
Одан өзге, С. Демирел қазақ-түрік қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екенін және екі бауырлас елдің арасындағы әр түрлі салалар бойынша өзара ықпалдасудың дамуын атап өтті.
«Ол Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Назарбаевтың түркі әлемінің көшбасшысы ретінде қазақ-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуындағы, түркі тілдес елдерінің арасындағы интеграциялық үдерістердің кемелденуіндегі дүр рөлінің астын сызып, Қазақстан көшбасшысының бастамасымен түркі әлемінің тарихында алғаш рет түркітілдес мемлекеттерінің мемлекеттерарасы орган болып табылатын Түркі кеңесінің құрылуына назар аударды», - деп хабардар етті СІМ баспасөз қызметі.
С. Демирел Қазақстанның «G-Global» және «Atom» сияқты жобаларын қоса алғанда, әлемдік қауымдастығымен қолдау көрсетілген сыртқы саяси бастамаларын жоғары бағалады.
«Қазақстан өз президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында көреген және дана саясат үлгісіне ие», - деген С. Демирелдің сөздері келтірілген хабарда.
С. Демирел ҚР президенті Н. Назарбаевқа және жалпы Қазақстан халқына өзінің ризашылығын білдіре отырып, алда келе жатқан Қазақстанның тәуелсіздігі күнімен құттықтады.
Еске сала кетейік, С. Демирел 1993-2000 жж. Түркия президенті болды.

adimage