Назарбаев Татарстанның мемкеңесшісіне жарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Күні: 11:02, 19-11-2018.

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР басшысының баспасөз қызметінен.  
«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», – делінген жексенбідегі жеделхатта.


Жаңалықтармен бөлісу: