Назарбаев Теміртау қ. қалалық мәдениет және демалыс саябағын аралады

Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласындағы қайта жөнделген мәдениет және демалыс саябағын аралап көрді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Жұмыс сапары барысында Елбасы Теміртау қаласының мәдениет және демалыс саябағына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.  Мемлекет басшысы бюджеттен тыс қаражат есебінен саябақ аумағында салынған нысандарды аралап көрді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саябақта қаланың өткен ғасырдың 50-60 жылдардағы тарихын бейнелейтін театрландырылған қойылымды тамашалады», - деп хабарлады жұма күні Ақордадан.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өз замандастарымен және металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен жүздесіп, әңгімелесті.

adimage