Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына түзетулерге қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін хабарланғандай, құжаттың негізгі мақсаты экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Сөйтіп, азаматтық процессуалдық және жер кодексіне, сондай-ақ ҚР бірқатар заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі мен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қысқартылуына байланысты тиісті өзгертулер енгізілді. Аталған мемлекеттік органдардың экстремизмге, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтері басқа мемлекеттік органдарға тапсырылды.
Сондай-ақ террорлық қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұлғаларға әкімшіліктік қадағалау мен бақылау; ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік қызметке қатысы бар екендігі туралы мәліметтер бар тұлғаларға ҚР-ға кіруге тыйым салу енгізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада оқыс жағдайда бұл тұрғындарға бас сауғалайтын жерасты метросын салуды ұсынды29 Қыркүйек 2023, 17:47
-
"C5 + Германия" диалогы елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді- Тоқаев29 Қыркүйек 2023, 17:26
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтілуде29 Қыркүйек 2023, 17:11
-
Тоқаев Берлинде Германия президентімен кездесті29 Қыркүйек 2023, 15:41
-
Қазақста билігі алматылық апортты географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге дайындалуда29 Қыркүйек 2023, 15:40