Назарбаев ТМД басқа басшыларымен бірге Достық кешіне қатысты

Күні: 13:54, 28-09-2018.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға сапары аясында мемлекет басшылары мен ТМД мүше-мемлекеттері басшыларының кеңес отырысына қатысушы делегацияларының басшыларына арналған Достық кешіне қатысты, деп хабарлады Тәжікстан президентінің сайтынан.  
«Бүгін кешкісін Тәжікстан Республикасы үкіметінің резиденциясында ел президенті Эмомали Рахмон мемлекет басшылары мен ТМД мүше-мемлекеттері басшыларының Кеңес отырысына қатысушы делегацияларының басшыларына арналған Достық кешін ұйымдастырды», - делінген хабарда
Кеште Э.Рахмон Беларусь президенті Александр Лукашенкомен, Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен,  Қырғызстан Республикасының президенті  Сооронбай Жәнібековпен, Молдова Республикасының президенті Игорь  Додонмен, Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам  Алиевпен, Ресей Федерациясының президенті Владимир  Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевпен, Армения Республикасының президенті Николай Пашинянмен бірге кешкі серуенге шығып, табиғаттың көрікті жерлерімен танысты, деп жазады Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі.    
Таныстық кезінде көрмеге қойылған заттардың негізінен экспортқа шығрылатыны, ал тәжік тарабының барлық мүдделі ТМД және басқа да елдермен әріптестікке дайын екендігі атап өтілді.  


Жаңалықтармен бөлісу: