Назарбаев Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының директорын қабылдады

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанды қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанды қабылдады. Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.

adimage