Назарбаев Украина дағдарысын шешуге қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді

Күні: 10:49, 27-12-2018.

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – 26 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Петр Порошенкомен телефонмен сөйлесу барысында Украина дағдарысын шешуге қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қазақстан мен Украина арасындағы байланыстардың жандана түскенін атап өтті. Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды, сондай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Өз кезегінде, Украина Президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді.
«Осыған орай, Қазақстан Президенті бұл мәселенің Украина мен Ресей тараптары арасындағы келіссөздер арқылы тезірек шешілуіне ниеттестік білдірді. Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: