Назарбаев университетінің президенті Цеснабанк директорлар кеңесін басқарады

Күні: 12:18, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Назарбаев Университетінің Президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шигео Катсу «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін басқарды, делінген университет сайтында.
«Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті болып табылады. Шигео Катсу мырза осыған дейін Дүниежүзілік банкте 30 жыл бойы түрлі қызмет атқара отырып, Азия, Африка және Еуропа елдеріндегі қаржы секторындағы реформаларды басқарды, түрлі басшы лауазымдарды, сондай-ақ Еуропа өңірі бойынша вице-президент лауазымын атқарды», - делінген хабарда
Сондай-ақ хабарланғандай, бұрын «First Heartland Bank» АҚ (FHB) Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Бекжан Пирматов «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Өткен сәрсенбіде хабарлағандай, қол жеткізілген келісімдер аясында «First Heartland Securities» (FHS)АҚ «Цеснабанк» АҚ акциясының бақылаушы пакетін сатып алды.
Еске салсақ, 25 қаңтарда Қазақстан билігі елдегі активтерінің үлкендігі бойынша екінші орындағы банк «Цеснабанкке» шұғыл түрде инвесторлар іздеп жатырғаны белгілі болды, олар оған қосымша қаржылай көмек керек болады деп санайды.


Жаңалықтармен бөлісу: