Назарбаев ветсанбақылау функцияларын кеденге тапсыру туралы заң жобасының түзетулеріне қол қойды

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ветсанбақылау функцияларын кеденге тапсыру туралы заң жобасының түзетулеріне қол қойды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомбиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.
Заң кедендік реттеуді жақсартуға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін әкімшілік кедергілерді жоюға және тауарлар мен көлік құралдарының өткізу пункттері арқылы өтуін жылдамдатуға бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Барлығы 28 түзету енгізілген, оның ішінде 1-еуі «Әкімшіліктік құқықбұзушылықтар туралы» кодекске өзгертулер енгізуді қарастыратын тармақты шығарып тастауға қатысты, себебі ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа түзетіммен қолданысқа енгізілген, 23 түзету заңжоба нормаларын ҚР президентінің 2014 жыл 25 тамыздағы «ҚР мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттерді шектеу шаралары туралы» өкім нормаларымен сәйкестендіруге, сондай-ақ 2014 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған ҚР заңымен сәйкестендіруге бағытталған. 4 түзету түзетімдік-нақтылаушы сипатқа ие.

adimage