Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің қаза болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.
Жеделхатта К.Де Маржеридің Мәскеудегі «Внуково» әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.
«Кристоф де Маржери кәсіпқой маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді», – деп атап өткен Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтқан.
Еске салсақ, Falcon-50 жеңіл ұшағы сейсенбіге қараған түні Внуково әуежайында апат болды. Төрт адам қаза болды, оның ішінде Total басшысы Кристоф де Маржери де бар. Апат себебі ұшақтың ұшу жолағында қар жинаушы машинамен соқтығысы болды деген болжам бар.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ақтөбе облысының әкіміне экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды6 Желтоқсан 2023, 18:41
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі6 Желтоқсан 2023, 13:49
-
Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған «Блогер» ұсталды6 Желтоқсан 2023, 11:40
-
Тоқаев Финляндия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады6 Желтоқсан 2023, 11:23