Назарбаев әйгілі жаттықтырушы Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Күні: 19:08, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев грек-рим күресі жаттықтырушысы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы грек-рим күресінің әйгілі жаттықтырушысы Вадим Александрович Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты», - делінген дүйсенбіде Ақорда хабарында.
Жеделхатта елбасы Вадим Александрович спорт саласында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен кезінде Валерий Резанцев, Жақсылық Үшкемпіров, Анатолий Назаренко және Владимир Бакулин сияқты Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің даңқты шоғырын тәрбиелеп шығарғанын атап өткен.
«2014 жылы әлемдік грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін FILA-ның Даңқ залына оның есімі жазылды», - деп жазылған Н.Назарбаевтың жеделхатында.
Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: